Контакты
№16 қалалық емхана Городская
поликлиника №16

АЛМАТЫ ДӘРІГЕРІ КІМ КӨБІРЕК ЫСТЫҚ КҮНДЕ ҚАУІП- ҚАТЕРГЕ ДУШАР БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

«Жаз мезгілі тамаша мезгіл, бірақ күннің ысуы денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін. Кейбір адамдар басқаларына қарағанда ыстыққа аса шыдымайды және де ыстық күнде сақ жүру маңызды» – деп айтты №16 Қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Айгерим Лаева-Тен.
📌 Ыстық күн кімге аса қауіпті?
1. Көшеде, әсіресе сағ. 11.00-ден кешкі 4-ке дейін күннің көзі белсенді түсетін кезде жүретін адамдарға. Бұл құрылыстағы жұмысшылар, спортшылар, физикалық жұмыспен айналысатын немесе ашық ауада спортпен шұғылданатын адамдар.
2. Семіздікпен, жүрек- қантамыр аурушаңдығымен, диабетпен және басқа созылмалы аурушаңдықтармен ауратын адамдар. Бұл адамдарда термореттелупроблемалары болуы мүмкін және көбінесе ыстық өтеді.
3. Жүкті әйелдер термореттелу және терлеу кезіндегі өзгерістер үшін ыстық күнде қауіпке ұшырайды.
4. Кішкентай балалар өзінің дене қызуы температурасын реттей алмай, ересектер секілді оларда да сусыздану проблемасы болады. Сондай- ақ, балаларда көшеде жиі ойнағаннан ыстық өтеді.
Күннің ысуымен байланысты проблемадан қашу үшін дәрігер бірнеше ұсыныстар береді:
📌 Жеткілікті түрде су ішіңіздер. Ыстық күнде әдеттегіден қарағанда көп су ішіңіз. Алкоголь және кофеден аулақ болыңыз, себебі олар гидратсыздану деңгейін ұлғайтуы мүмкін.
📌 Барынша көлеңкеде жүріңіз. Егер Сіз, әсіресе сағ. 11.00-ден кешкі 4-ке дейінгі кезеңде көшеде болсаңыз көлеңкеде жүріңіз.
📌 Жеңіл киім киіңіз. Теріңіздің тыныс алуы үшін түсі ашық және жеңіл киім киіңіз.
📌 Физикалық жүктемеден қашқақтаңыз. Ыстық күнде физикалық жүктемеден қашыңыз немесе тіпті болдырмаңыз.
📌 Кондиционер немесе желдеткішті қолданыңыз. Егер де сізде кондиционер немесе желдеткіш болса, онда оларды салқындату үшін қолданыңыз.
📌 Мұқият болыңыз. Егер өзіңізді жаман сезінсеңіз, тез арада медициналық көмекке жүгініңіз