«Жаз мезгілі тамаша мезгіл, бірақ күннің ысуы денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін. Кейбір адамдар басқаларына қарағанда ыстыққа аса шыдымайды және де ыстық күнде сақ жүру маңызды» – деп айтты №16 Қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Айгерим Лаева-Тен.
1. Көшеде, әсіресе сағ. 11.00-ден кешкі 4-ке дейін күннің көзі белсенді түсетін кезде жүретін адамдарға. Бұл құрылыстағы жұмысшылар, спортшылар, физикалық жұмыспен айналысатын немесе ашық ауада спортпен шұғылданатын адамдар.
2. Семіздікпен, жүрек- қантамыр аурушаңдығымен, диабетпен және басқа созылмалы аурушаңдықтармен ауратын адамдар. Бұл адамдарда термореттелупроблемалары болуы мүмкін және көбінесе ыстық өтеді.
3. Жүкті әйелдер термореттелу және терлеу кезіндегі өзгерістер үшін ыстық күнде қауіпке ұшырайды.
4. Кішкентай балалар өзінің дене қызуы температурасын реттей алмай, ересектер секілді оларда да сусыздану проблемасы болады. Сондай- ақ, балаларда көшеде жиі ойнағаннан ыстық өтеді.
Күннің ысуымен байланысты проблемадан қашу үшін дәрігер бірнеше ұсыныстар береді:
