Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 91-бабында көзделген.
- Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке), әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты емес әрекетке әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылы. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
- Егер әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға осы Кодексте белгіленген мерзімдерде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жүзеге асырмаса, онда мерзім өткен күннен бастап әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жүзеге асырудан бас тартты деп есептеледі.
- Шағым әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен жоғары тұрған әкімшілік органға немесе лауазымды тұлғаға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі. Осы Кодекске сәйкес, шағымды қарайтын орган – бұл әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға, Президент, Премьер-Министр және Қазақстан Республикасы Үкіметінен басқа, шағым жасалып отырған әкімшілік органның не лауазымды тұлғаның тікелей бағынысында тұрған жоғары тұрған орган не заңдармен уәкілеттік берілген өзге де орган/лауазымды тұлға.
- Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе лауазымды тұлғаға беріледі. Шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған орган немесе тұлға шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды. Бұл ретте, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын жағымды әкімшілік акт қабылдайтын болса немесе әкімшілік әрекет жасайтын болса, онда шағым шағымды қарайтын органға жіберілмеуі мүмкін.
- Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін ғана мүмкін болады.
- Жоғары тұрған әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әрекетке (әрекетсіздікке) сотта шағым жасалуы мүмкін, бұл туралы шағым жасалып отырған әкімшілік орган әкімшілік істі қарау барысында әкімшілік рәсімге қатысушыны хабардар етеді.
- Прокуратура органдарының шағымдарды қарауы Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңында белгіленген негіздерде, шектерде және тәртіппен жүзеге асырылады.
e-otinish порталы арқылы өтінішті қалай беру керек
Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу керек (қызметті алу үшін сіз eotinish.kz сайтында тіркелуіңіз немесе бір реттік тіркеуден өтуіңіз қажет).
- Мемлекеттік органдарға өтініш беру.
- Ұсынылған нысанды толтыру.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) ЭЦҚ-сымен өтінішке қол қойып, мемлекеттік органға жіберу.
- Орындалуын бақылау.