Контакты
№16 қалалық емхана Городская
поликлиника №16

2024 жылғы 19 наурызда өткен Алматы қ. ҚДСБ «№ 16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – Емхана) Байқау кеңесінің кезекті отырысы

Емхананың 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; Емхананың 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын келісу мәселелері қаралған (2023 жылғы орындау).

2024 жылғы 19 наурызда өткен Алматы қ. ҚДСБ «№ 16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – Емхана) Байқау кеңесінің кезекті отырысында медициналық мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі

– Емхананың 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы; Емхананың 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын келісу мәселелері қаралған (2023 жылғы орындау).

Күн тәртібіндегі осы және басқа да мәселелер бойынша Алматы қ. ҚДСБ «№16 Қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры У.Медеубековтың есебі тыңдалды.
Баяндамада Емхананың бюджетіне, шығыстары мен кірістеріне, ресурстарды пайдалану тиімділігіне, қажетті медициналық жабдықтар мен басқа да қажеттіліктерді сатып алуға бағытталған қаржы ағындарын жоспарлауға талдау жасалды.

Емхананың қаржылық тұрақтылығын және шаруашылық қызметпен байланысты басқа да аспектілерді одан әрі нығайту стратегиясы талқыланды. Кіріс бөлігінің динамикасы қызметкерлерге сыйақы беру мәселелерін шешуге, Емхананы халыққа қызмет көрсету үшін қажетті медициналық техникамен жабдықтауды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Байқау кеңесі медициналық мекеме жұмысының қаржылық және операциялық аспектілерін бақылауда, пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.
Байқау кеңесінің отырысында Емхана мен басқару қызметіне қатысты басқа да мәселелер талқыланды.

 

Мереке құтты болсын!

Алматы қаласы №16 Қалалық емханасының мейіргерлерін біздің заманымыздың нағыз батырлары деп атауға болады, олар күн сайын пациенттердің игілігі үшін қажырлы еңбек етіп, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.

Біздің ұжымда 166 мейіргер жұмыс істейді. Олардың көбісінде үлкен жұмыс өтілі бар, кәсіби тәжірибесі мол. Бұл медициналық мекеменің табысты жұмыс істеуі, пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін маңызды рөл атқарады. Менің 165 әріптесімнің әрқайсысы туралы көптеген жылы сөздер айтуға болады. Бахыткуль Топанова, Алма Тюльбаева, Акбота Аккозина, Майра Кортубаева, Ира Жаксыбаева… Барлығын атап өту мүмкін емес, бірақ әрқайсысы өзінің көп жылдық еңбегі үшін жылы лебіздерге лайық.

Біздің мейіргерлер көптеген міндеттерді орындайды. Дәрігермен бірге олар пациенттерді қабылдайды, қарап-тексерулерге қатысады, инъекциялар, қан алу, таңу және тағы сол сияқты әртүрлі медициналық процедуралар жасайды.

Жұмыстың жеке бөлігі – медициналық құжаттаманы жүргізу. Олар пациенттерге қолдау көрсетіп, қарым-қатынасты да орнатып, рецептілер мен жолдамаларды және т.б. жұмыстарды атқарып үлгереді.

Медициналық персоналдың ажырамас және маңызды бөлігі бола отырып, пациенттерге қамқорлық жасап, олар өздерін сенімді сезінуге, қажетті көмекті уақтылы алуға, әркімге қиын уақытта көңіл бөлуге және қолдау көрсетуге көмектеседі. Қалалық емхананың мейіргерлері әрқашан пациенттердің жанында, оларды тыңдауға және көмектесуге әрдайым дайын тұрады. Жұмыстарының күрделілігіне қарамастан, олар әрқашан олардың көмегіне мұқтаж адамдардың жанында мейірімді және қамқор болып қала береді. Әрқайсысының жұмыстан кейін асығатын отбасы, балалары бола тұра, өз жұмыстарына, кәсібіне адалдығын көрсетеді.

Әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, мейірімді жүректеріңіз бен шебер қолдарыңыз үшін рахмет айтқым келеді! Баршаңызға аман-саулық, көптеген қуанышты, жарқын күндер тілеймін, қымбатты әріптестер!

МАКПАЛ БАЛТАБЕКҚЫЗЫ
№ 16 қалалық емхананың бас мейіргері

Байқау кеңесінің отырысы

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «№16 қалалық емхана» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің кезекті отырысында емхананың қызмет перспективаларымен байланысты бірқатар мәселелер қаралды.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына 2022-2026 жылдарға арналған Даму жоспарының жобасы бойынша қорытынды ұсыну туралы есеп тыңдалды. 2025 жылға арналған Даму жоспарын түзету мекеменің шаруашылық қызметіне қатысты шығындарды оңтайландыру мен қаражатты ұтымды пайдалануды көздейді.

Алматы қаласы ҚДСБ «№16 қалалық емхана» ШЖҚ КМК комплаенс-офицері 10 айда атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Осы кезеңде мекеменің қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін жүйелі түрде мониторинг жүргізілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша алдын алу шаралары қабылданды. Бұл ішкі корпоративтік мәдениетті және қызметкерлердің этикалық мінез-құлқын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының ҚДСБ «№16 қалалық емхана» ШЖҚ КМК жаңа редакциядағы ұйымдастырушылық құрылымы да талқыланды. Жаңа құрылым медициналық мекеменің қызметінің негізгі элементі болып табылады және оның тиімді жұмысына ықпал етеді. Өзгерістер енгізу медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға, бөлімшелер арасындағы үйлестіруді жақсартуға, сондай-ақ қызметкерлердің жауапкершілігі мен міндеттерін нақты бөлуге мүмкіндік береді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша емхана директоры Алмас Тұрдыбекұлы Умбетпаев, қаржылық-шаруашылық қызмет бөлімі жауапты қызметкерлері және Байқау кеңесінің мүшелері сөз сөйледі. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бірауыздан қолдау тапты.

Жомарт Акерке

Директордың емдеу работе жөніндегі орынбасары
Continue reading “Жомарт Акерке”

Болаткулова Рита Бозжигитовна

Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Continue reading “Болаткулова Рита Бозжигитовна”