Контакты
№16 қалалық емхана Городская
поликлиника №16

Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

Медицина қызметкерін емханаға баруға мүмкіндік болмаған кезде үйге шақыруға болады.

Медбике немесе фельдшер:

  • Дене қызуы 38°С-қа дейін көтерілсе;
  • Қан қысымы жоғарылап, бірақ жалпы жағдайы қалыпты болса;
  • Есінен танбаған немесе қан кетпеген, жағдайы күрт нашарламаған жарақаттар мен аурулар кезінде пациенттің үйіне барады.

Ал учаскелік дәрігер:

  • Егер тіркеу бөлімі немесе медбике пациенттің жағдайын дәрігердің тексеруі қажет деп бағаласа;
  • Вакцинадан кейін жағдайы нашарлаған сәтте үйге келеді.

Бұдан бөлек, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті және босанған әйелдер, 65 жастан асып, өздігінен емханаға келе алмайтын адамдар жағдайы нашарлаған кезде үйде қаралады.