Балаларды қорғау халықаралық күніне арналған іс-шаралар аясында №16 қалалық емхананың қызметкерлері денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып, оларды мерекемен құттықтады.
Бұл сапарларға емхана директоры мен дәрігерлер қатысты. Олар балалардың ата-аналарымен сөйлесіп, кеңес беріп, балалардың денсаулығы мен күтіміне қатысты қажетті ұсыныстар жасады.
Сапар барысында кішкентай науқастарға сыйлықтар табысталып, олардың көңіл-күйі көтеріліп, мерекелік қуаныш сыйланды.
№16 қалалық емхана ұжымы барлық балаларға мықты денсаулық, бақыт, амандық және жарқын сәттер тілейді, ал олардың отбасыларына бейбіт өмір, жақсылық және болашаққа сенім тілейді.